СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
А. Малаева
Жанам деген жүрекке от берейік.
Соңғы жылдары техникалық және кәсіптік білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, нақты айтқанда, кәсіптік лицейлердің жаппай колледждерге ауыстырылуы біздің ұжымның жұмыс жүйесіне біраз өзгерістер алып келді. Колледж жұмысының ерекшеліктерін зерттей келген біздің ұжым, «алдағы уақытта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алу қажет» деген қорытындыға келді.
Алматы облысының Текелі қаласында орналасқан, 40 жыл бойы ел экономикасына жұмысшы мамандар даярлаумен айналысып келе жатқан колледж осы салада біраз жетістіктерге қол жеткізгенмен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолға алмаған екен.
Студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесін зерттей келе бұл бағыттағы жұмысты «Жас ғалым» клубының жұмысы арқылы жүзеге асыру ұйғарылып, келесі жоспарға сай іс-шаралар атқарылды:
1. «Жас ғалым» клубының жұмыс туралы Ережені жасау және бекіту;
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын шығармашылық топты құру;
3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын, мақсаттарын анықтау;
4. Ғылыми жұмыстардың негізгі кезеңдерін, зерттеу объектілері мен әдістерін айқындау.
Лицейдің әдістемелік кеңесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын студенттердің мамандықтарымен тікелей байланыстырып, олардың таңдаған кәсіптерін тереңірек меңгеруге жағдай жасауға шешім қабылданды:
1. «Жарнаманың түрлері мен сапасы» (Несибжанова Дамиля);
2. «Мағжан Жұмабаев пен Сергей Есенин шығармаларындағы үндестік» (Сабырова Балқыз);
3. «Ілияс Жансүгіровтың махаббат лирикасы» (Сватова Рамина);
4. «Цеолитті қолданудың әр түрлі бағыттары» (Болатбай Аяулым).
Клубтың алғашқы отырысында ғылыми–шығармашылық жұмыстардың тақырыптарына сай мақсат-міндеттері нақтыланып, оны жүзеге асыру кезеңдері анықталды.
Ғылыми-жұмыстың нәтижесінде халқымыздың ұлттық тағамының мәртебесін арттыру үшін оны көптеп зауыттарда даярлау қажеттілігі көрсетілді. Сонымен қатар, Қыдырбай Жансұлу қарапайым тұтынушылардың сауаттылықтарын арттыруға үлес қосты және оқу бағдарламасында сағат аз берілген ұлттық тағамдарды даярлау технологиясын жете білді. Осы тұрғыдан алғанда, жұмыстың маңыздылығы өте жоғары болып, Кіші ғылым Академиясы Алматы облысының ХХII-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Қыдырбай Жансұлу Алғыс хатпен марапатталды.
Жұмыстың нәтижесінде, 3 курс студенті Кафтан Анастасия ғылыми жетекшісімен бірге шаш бояуларын тұтынушыларға оларды дұрыс таңдау және пайдалануға арналған ұсыныстар құрастырды. Кіші ғылым Академиясы Алматы облысының ХХII-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Кафтан Анастасия Алғыс хатпен марапатталды.
Кіші ғылым Академиясы Алматы облысының ХХII-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жұмысты орындау барысында қолданылған әдістердің көптүрлілігін, тақырыптың өзектілігін, ғылыми жұмыс арқылы әлеуметтік серіктестікті дамытуды жүзеге асырғанын ерекше бағалаған әділ-қазы мүшелері 3 курс студенті Курасова Надеждаға 2 жүлделі орынды және Кіші ғылым Академиясы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жолдама берді.
Жалпы алғанда, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде біраз қиындықтар да болды:
- Қала тұрғындарының бейнекамераға түсуден, сұхбат беруден бас тартуы;
- Дүкен иелерінің құртты әкелушілері туралы ақпарат беруден бас тартуы;
- Қалада микробиологиялық зертханалардың болмауы;
- Жұмысберушілердің өз қызметкерлері туралы ақпарат беруден бас тартуы;
- Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық негізін баяндап жазу дағдаларының жоқтығы.
Жалпы алғанда, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруда «Жас ғалым клубының» ұстанатын бірнеше қағидаларын қалыптастырдық:
1. Зерттеу тақырыптары студенттердің мамандықтарымен байланысты болуы қажет;
2. Зерттеулердің міндетті түрде тәжірибелік сипаты болуы қажет;
3. Зерттеулерге міндетті түрде әлеуметтік серіктестерді тарту қажет;
4. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда жоғары оқу орнының мамандарының кеңесіне жүгіну;
5. Зерттеулерді жүзеге асыруға міндетті түрде әдістемелік көмек көрсетілуі қажет;
6. Ғылыми-ізденіс жұмысының тақырыбын секция жұмыстарына сәйкес таңдау қажет;
7. Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
8. Клубтың ұранын, эмблемасын және дәстүрлі іс-шарасын ойластыру.
Жарнаманың түрлері мен сапасы - Несибжанова Дамиля
Мағжан Жұмабаев пен Сергей Есенин шығармаларындағы үндестік - Сабырова Балқыз
Ілияс Жансүгіровтің махаббат лирикасы - Сватова Рамина