«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК талапкерлерге арналған сұрақтар ТІЗІМІ 2019-2020 оқу жылы
1. Неліктен біздің колледжді таңдадыңыз?
2. Не себептен бұл мамандықты таңдадыңыз?
3. Өз мамандығыңызды қалай елестетесіз?
4. Оқуда жетістіктеріңіз бар ма?
5. Адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?
6. Сіз таңдаған мамандықты игерген маманның қандай қасиеттері болуы керек?
7. Отбасыңыз және өзіңіз туралы қысқаша айта кетсеңіз.
8. Сізге мектепте не ұнайтын және неге көңіліңіз толмайтын? Мектептен не себептен кетуді шештіңіз?
9. Оқу орнын таңдаудағы ең негізгі бес критерийді атаңыз?
10. Болашақ мамандығыңыз туралы не ойлайсыз?
11. Таңдаған мамандықты игеру сізге қандай мүмкіндіктер береді деп ойлайсыз?
12. Таңдаған мамандығыңыз еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие деп ойлайсыз?
13. Өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді атап берсеңіз.
14. Жаман әдетіңіз бар ма?
15. Мектепте оқудан басқа немен айналыстыңыз? Хоббиыңыз жайлы айтып берсеңіз.
16. Спортпен айналысасыз ба?
17. Оқуыңызды жалғастырғыңыз келеді ме?
18. Өзіңізді 5-10 жылдан кейін қалай елестетесіз?
19. Болашаққа қойған мақсатыңыз қандай?
20. Өзіңіз таңдаған мамандықты игеру үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыз?
21. Мектепте қандай пәндерді сүйіп оқыдыңыз?
22. Соңғы рет оқыған кітабыңыз қандай? Соңғы рет көрген фильміңізді атаңыз.
23. Қандай тележобаларды көргенді ұнатасыз? Не себептен?
24. Мемлекеттік рәміздер дегеніміз не? Рәміздер туралы не білесіз?
25. Дос таңдағанда қандай қасиеттерге мән бересіз?
26. Қандай мінезіңіз алға қойған мақсатыңызға жетуге көмектеседі?