Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы A A+ A++
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Текелі қаласы, Сатпаев көшесі, 66 үй
Басшының блогы

ОБ ОРГАНИЗАЦИИ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ

А. Малаева

Научно-исследовательская деятельность студентов была организована  в виде работы  клуба  «Жас ғалым-Молодой ученый» . В течение года согласно плану работы клуба были осуществлены следующие мероприятия:

1. Разработка и утверждение Положения о клубе «Жас ғалым-Молодой ученый»;
2. Создание творческой группы;
3. Утверждение тем и целей научно-исследовательских работ студентов;
4. Определение объектов и методов исследования, основных этапов выполнения работы.

На заседании методического совета колледжа было решено темы НИР связывать с будущей профессией, и тем самым создать условия для совершенствования профессиональных навыков и умений студентов: 

1. «Виды и качество рекламы» (Несибжанова Дамиля);

2. «Гармония созвучности творчества Магжана Жумабаева и Сергея Есенина» (Сабырова Балқыз);

3. «Влияние качества обслуживания на рентабельность предприятия питания» (Курасова Надежда);

4. «Исследование качеств красител для волос» (Кафтан Анастасия);

5. «Цеолит» (Болатбай Аяулым).

Результаты НИР студентов были представлены на ХХII областной научно-практической конференции Малай академии наук РК, по итогам которой студенты нашего колледжа Қыдырбай Жансұлу  и Кафтан А. были награждены Благодарственными письмами, Курасова Надежда была удостоена 2-места и получила направление на участие в Республиканской научно-практической конференции МАН РК, где она заняла 2-призовое место.

Виды и качество рекламы

Гармония созвучности творчества Магжана Жумабаева и Сергея Есенина

Влияние качества обслуживания на рентабельность предприятия

Исследование качеств красителей для волос - Кафтан Анастасия

Цеолит - Болатбай Аяулым

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

А. Малаева

Жанам деген жүрекке от берейік. 

Соңғы жылдары техникалық және кәсіптік білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, нақты айтқанда, кәсіптік лицейлердің жаппай  колледждерге ауыстырылуы біздің ұжымның жұмыс жүйесіне біраз өзгерістер алып келді.  Колледж жұмысының ерекшеліктерін зерттей келген біздің ұжым, «алдағы уақытта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алу қажет» деген қорытындыға келді.

pr1kz

pr1kz

pr1kz

pr1kz

pr1kz

pr1kz

pr1

pr1

pr1

pr1

pr1

pr1

aynur kaygerim knina ktyleubolat knatalya kasyl kaliwer k1luyza knurgul kemma kbolat kdamegul kjarkin kernar kmarina kaxtore kkatyaermek kanna kguljan kjaks k jaks jaks jaks jaks

aynur  rakishev228 inspektor ninatyleubolatstarshoipsihmetodist nvpluyzanurgulemmakadirbekdameguljarkin ernarmarina axtorekatya kermekannaguljan jaks jaks jaks kasimov himiajaks 

Упашов Ақжол

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Амандасу – ең бірінші салтым  еді.

Дінімізде амандасу сауап деген,

Салт-дәстүрмен дінімізді сақтап келем.

Қазағыма сана берген дін емес пе,

Салт-дәстүрін жоғалтқан ел құл емес пе!

Көрші елдер кім екенін ұмытқанда,

Дін мен дәстүр сақтаған тек біз емес пе!

Ұлы Абай, Шәкәрім де өлең жазған,

Тереңдетіп дінімізден білім қазған.

Бабалардың ұлылығымен мақтанамыз,

Сол ұлылар медреседен сауат ашқан.

Салт-дәстүрім бабалардан мұра болған,

Кеңес дәуірінде ата-бабам ұран қылған.

Салт-дәстүрі, діні үшін көтеріліп,

Артынан өшпестей етіп із қалдырған.

Дәстүрін ұлықтаған ұлы елміз,

Дінімізді сұраса Ислам дерміз.

Әдет-ғұрып, дінімізді мәңгі сақтап,

Салт-дәстүрді биік қойған жалғыз елміз.

Ата-салтым Исламнан бастау алған,

Ғұрып сөзі шариғаттан із боп қалған.

Қазағымның тарихы терең неткен,

Қарахан дәуірінде Ислам дінін қабылдаған.

Дін деген – дәстүрдің таразысы,

Салт-дәстүр еліміздің бір ағысы.

Салт-дәстүрмен әрдайым мақтанамыз,

Ал дініміз қазағымның жүрек қағысы.

Бір елде Айдар атты би бар екен,

Тұрған жері жер-жәннаты әсем мекен.

Жалғыз ғана тәкаппар баласы бар,

Өмір бойы сол баласын еркелеткен.

Әлгі бала ер жетеді ерке болып,

Үйленетін уақыт келді жасы толып.

Бар халықты жинап алып кең сарайға,

Деді былай халқына сыр бөлісіп:

-Балама әйел керек халқым -депті,

- Өзіме келін керек текті - депті.

Дәл сол шақта бүкіл халық шулап кетті,

Барлығы да өз қыздарын ұсыныпты.

Уақыт келді, барлығы да жиналды,

Әр сұлу қыз өзі жайлы ойланды.

Бай да келді қыздарды алдыртты,

Сол сұлулар халықпенен сыйланды.

Жігіт болса салт-дәстүрді сыйлайтын,

Тәкаппарлық бірақ жанын қинайтын.

Ешкімге де құлқы жоқ үйленетін,

Өйткені ол өзін ғана ойлайтын.

Біріншісі байлық жайлы ойлады,

Ойын-күлкі, қыдыруды ойлады.

«Ар-ұяттан безген жан екенсің» деп,

Осы сөзбен терең ойға бойланды.

Екіншісі ұйқысын еш қимаған,

Қанша жатып, демалса да тыймаған.

Кім тұрғызса, соныменен ұрсысып,

Бір үйде ешбір жанмен сыймаған.

Үшіншісі ержүрек батырдай ғой,

Жүрегінде нәзіктік қалмаған ғой.

Батырлармен қосылып жауға шауып,

Ол қызға да жігіт көңілі толмаған ғой.

Төртіншісі хиджаб киген арлы қыз,

Бар халықты біраз таң қалдырды.

Бірақ жігіт «Түрін көрем» деп ашынды,

Сонда әлгі қыз «Ашуыңызды басыңыз»,

-Хиджаб киіп арымды сақтап келем,

-Намаз оқып, Ислам дінін жақтай берем.

Дінсіз өмір бар қызығын жоғалтар,

Салт-дәстүрді сыйлайтын жанға ерем.

Сонда жігіт тереңдетіп ойға кетті,

Осындай қызды өмір бойы арман еткен.

Әлгі жігіт басқаларға қарамастан,

«Осы қызды келін етіп алам»- депті.

Сол күні дін мен дәстүр қосылыпты,

Дәстүр мен дінді қосқан той болыпты.

Барлық дәстүр осы тойда орындалып,

Сол тойға бүкіл елден жан толыпты.

Сонда жігіт намаз оқып үйренді,

Өз-өзінің тәкаппарлығынан жиренді.

Бүкіл елден кешірім де сұрады,

Кезіндегі мінезінен күйренді.

Ал әйелі салт-дәстүрді ұстанды,

Күйеуінің бастамасын қостады.

Екеуі бірге тұрып, бақытты боп,

Осылайша жаңа өмір басталды.

Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің

Уа, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Қасым Аманжолов

Расында да, алтын бесік туған жерімнің көгалына бір аунап қайтсам арманым жоқ дер едім. Қазақтың қай жерін алсақ та, барлығы дерлік тұнып тұрған тарих, қасиетті шежіре. Алайда, әрбір пенде кіндік қаны тамған жерге бауыр басып тұрады.Қазақ халқы әрқашан өз халқының өткені мен келешегін «туған ел» деген қасиетті ұғыммен байланыстыруды ұмытпаған. Сол сияқты, мен де туған жерімді ешқашан ұмытпақ емеспін.

Мен шырайлы да қасиетті Тастыөзек атты ауылдың қойнауында дүниеге келдім. Қай жерде жүрсем де, туған жерімнің тау-тасын, суы мөлдіреген бұлағын, жанға шипа ауасын ерекше ыстық сезіммен еске аламын. Шөбі шүйгін, жері майда, табиғаты жайсаң, көрсең көз тоярлық Тастыөзек ауылы. Тамылжыған табиғат ая­сын­дағы қайың тоғайы көмкеріп тұратын ауыл әлі күнге дейін көз алдымда. Түкті кілем төсегендей, шалғыны бе­луардан келетін туған жерімнің сұлулығын ауызбен жеткізу мүмкін емес.

Тастыөзек – Қарабалық ауданындағы «Бөрілі» кеңшарының бөлімшесі болға­ны­мен, үлкен ауыл еді. Ұлы дала кешкен тарихи оқиғалар бұл ауылды да айналып өткен жоқ. Шағын ауылдан түрлі азаматтар шығып, елге қызмет етті және де қызмет жасауда. Мәселен, Құрманғазы ор­ке­с­трінің дирижері де, директоры да бол­ған Еркебұлан Мүсірепов осы ауылдың тумасы. Кеңес Одағы жылда­ры Қостанай облысындағы саусақпен са­нарлық қазақ мектебінің бірі де осы Тастыөзекте орын тепкен болатын. Мұндағы қазақ орта мектеп-интернатынан Қарабалық қана емес, оған жақын аудандардағы ауыл балалары білім алды. Білім ұясы талай жақсыларды түлетіп ұшырды. Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің лауазымды қызметкерлері, профессорлар Нұржан Боқаев, Жангелді Айтқожин, Жанғабыл Жантілесов және қарағандылықтар Мей­рам мен Қайрат Исмаиловтар осы ая­дай ауыл мектебінен түлеп ұшқан тү­лек­тер болатын. Дін аяқасты болып, ті­лі­міз босағадан қарап қалған жылдары Тастыөзек сахараның шөліндегі оазис се­кілді, орысы ормандай Қарабалық ау­да­­нындағы халқымыздың дәстүрі мен сал­тының, әні мен жырының ұясындай бол­ған еді. Қазір Тастыөзектен көшкендердің жұпы­ны жұрты көңіл құлазытады, мұн­да кімдердің өткенін бейіт айтып бере­тін­дей... Бірақ осы ауылда туып, ер же­т­кен­дердің оны ұмытуы да қиын. Кіндік қаның тамған туған жеріңнің ауасын бір жұтып, құстарының дауысын бір естіп кетуге не жетсін, десеңізші, шіркін!

Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романында  туған жердің қадірін былай бейнелеген еді: «Туған жердің қадірін, туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқаншәкірт білмесе, кім білсін?..Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз...». Туғалы ұзап шықпаған Қартқожа туған жерін қалай сүйсе, мен де шырайлы жерімді солай сүйемін. Туған жер есіме түскенде, ауылыма жеткенше асық болып, ішіп өртеніп, күйіп жанады.

Көнермес қасиет бар келбетінде, 
         Сағынтар жалғыз мекен жер бетінде! 
         Ауылым, сенен алған тұнық сезім, 
         Жанымды бір ән болып тербетуде , –   

деп, ақын ағамыз Қалқаман Сарин жырлағандай, мен үшін ауылымның әр қайыңы су­дыр­лап, құс біткен ән салғандай болып тұрады.

Туған жердің қадірін өз басым кішірек кезімде, ата-анамнан, ауылымнан жырақ кеткенімде біліп, түсіне бастадым. Ауылымды тастап, Талдықорған қаласына оқуға кеткенде, жүрегім өз кеудеме өзі сыймай, шығып кететіндей сезімде болатынмын. Қалаға оқуға кеткенде мен кішкентай едім. Кішкентай болсам да, ауылымды ойлап, кейде сағыныштан көзіме жас келе беретін. Сабақ аяқталуға жақын қалғанда, жүрегім атша тулап, қуанғаннан төбем көкке жететін. Себебі, демалыс басталғанда мен ойнап өскен жерім, балалық шағым өткен ауылыма қайтатынмын. Сол шақта, ауылыммен қайта жүздесуге асық болған кездерімде, жол үстінде мына бір өлең шумақтарын шығарған едім:

Ауылымның түтіні будақ-будақ,

Алтауызы айтатын шумақ-шумақ.

Сағыныштан сарғайып барғанымда,

Қарсы алатын ағайын улап-шулап.

Ой-қиялым, шапқандай ойға-қырға,

Асығамын жеткенше ауылыма.

Құрбы-құрдас бірге өскен еске түссе,

Қызып-қызып кетеді бойда мына.

Шіркін, ауыл, шынымен сағындырдың,

Отын көсеп шалқыған жалын жырдың.

Балалық шалалығым, махаббатым,

Қап қойғандай, ішінде қалын нудың.

Үзілген қанша үмітті жалғасам да,

Қиналдым жоқтан құрап бар жасауға.

Ауылға мен де бөтен боп кеткем бе,

Қонағындай баратын анда-санда.

         Міне, сол уақытта ауылға қайтып оралғанымда, далаға шығып,ауасымен дем алып, әсем табиғатына тағы бір мәрте көз салып, ауылға деген сағынышымды басатынмын.

Күндердің бір күні ауылыма деген сағынышымды, құлазыған сезімімді жасыра алмай отырған сәттерімде бір ойға шомылып кеттім. «Қасиетті жерім менің – Тастыөзек. Ауылымның аты ерекше екен. Неліктен ауылымның атауы осылай аталады екен?» деген ойлар мазалай бастады. Шынымен де, ойланып қалдым. Сол сәттен бастап, өз елімнің тарихын білуге құмарлата бастадым. Алдымен, ауылымның атауының шығу тарихымен қызықтым. Маған ауылым туралы қызықты дерек берген ауылдың құрметті ақсақалы Сүндетбай ата болатын. «Қариясы бар ауыл, тасқа жазған хатпен тең» демекші, ол кісіден бірталай тарихи деректерді сұрап алдым.

Ауылдың Тастыөзек деп аталуы туралы осы ауылдың байырғы тұрғындарынан қалған мынадай бір әңгіме бар екен. Баяғы заманда, атауы да жоқ елді мекенде екі-үш отбасы ғана тұрыпты. Бұл ауылға Тастыөзек деген атау беріліпті. Оның себебі: таудың етегінде орналасқан малға жайлы шырайлы жері бар, тасы көп, бұлақтың суы мөлдір болған. Жітіқара ауданына қарасты бұл ауыл атауының шығу тегі «тасты» және «өзек» сөздерімен байланысты екені аңғарылып тұр. Ауылдың қыста қарықалың, көктемде ауасы салқын, жазда аптап ыстық емес, керісінше, қоңыр жел соғып, күзде ерте қар түсетін болғандықтан да ауылымның атауы «Тастыөзек» деп аталыпты. Тастыөзек ауылында екі адамның жанжалдасқанын, көршілердің бі­рін-біріне қырын қарағанын, араз бол­ға­нын көрмеппін. Ауылдастарда ондай тү­сінік болмаған да шығар. Қазақтың дәстүр-салтының барлығы сақталды. Ауыл­дас­тар құда-жекжат, апа-жезде, жеңге, қайын, қайнаға, күйеу, абысын-ажын, нағашылы-жиен болып араласатын. Ауылдың барлығы әзілкеш, бір-бі­рі­мен ойнамайтын, әзілін көтермейтін еш­кім болмайтын. Тастыөзектіктер сөздің тү­бін түсіретін, ақсақалдарымыз бен әже­леріміз шетінен шежіре еді, жас бала­лар­дың шұрайлы тілі осындай ортада қалыптасты. Мектеп пен ауыл егіз ұғым секілді болатын. Мұғалімдер мен ата-аналардың арасы да, жұбы да жазылмайтын, қандай шара да бірге өтетін. Ондай ауылды қалай сағынбайсың?! 
         Қазіргі уақытта мен өмірімнің шамшырағы болатын білім жолын қуып, Текелі қаласына кәсіптік мамандықты игеру үшін келдім. Елбасымыздың жастарға деген ерекше ілтипаты мен жасап отырған жағдайын пайдалана отырып, тегін техникалық кәсіптік білім алып, өз мүмкіндіктерімді іске асырып, ауылымның көркеюіне, шырайлы жерімнің жарқын болашағына, ауыл тұрғындары тұрмысының жақсаруына өз үлесімді қосқым келеді.   Өмірлік мақсат-мұраттарыма қол жеткізу жолында ауылымды тастап, туған жерімнен алыс кеткен сәттерімді ойласам, Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлең жолдары есіме оралады:

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан!
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау, бауырлар!
Момын жұрттың, арқа сүйер,
Азаматы біз едік.
Тұлпарлардан, тұғырлардан,
Қалған бір-бір із едік.
Біз де кеттік,
Басқа жаққа бетімізді түзедік.
...Естимісің, құлақ түрші,
Қырдан ескен самалға.
Сәлем айтып жатыр ауыл,
Саған, оған, маған да.
Телеграф сымы тұрған сүйеніп ап бағанға.
Көремісің,
Заңғар таулар жаулықтарын бұлғайды,
Шақырады Ақбас шалдар,
Сыбызғы етіп қурайды.
Ескесалып, қайтқан құстар
Елдің жырын жырлайды.
Күте-күте,
Көзі талып,
Күн сарғайып батқандай,
Күте-күте,
Жұлдыздардың жанары да аққандай,
Зират екеш зираттар да,
Бізді жоқтап жатқандай...
Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке-жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді!..
Туған жердің топырағына тізе бүк!

         Туған жердің топырағы, суы, ауасына дейін бөлек болады дегені осы болар. Туған жердің қасиетіне ештеңе жетпес, сірә. Ақиын ақын атамыз М.Мақатаев айтқандай, болашақта өз ауылыма оралып, туған жердің топырағымен қайта қауышып, тізе бүгіп, құт мекенім болған ауылыма қызмет еткім келеді. Елімнің дамып өркендеуі жолында аянбай еңбек ету – менің азаматтық парызым деп білемін. Менің ойымша, дүние есігін ашқаннан кейін біздің өмірдегі басты міндетіміз – туған елге, жерге деген сүйіспеншілік танытып, барынша адал қызмет ету. 

         Мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі менің тәуелсіз елім бар, ұлаңғайыр жерім бар, басымызды бір жерге тоғыстырып, жүз елуден астам ұлтты бірлікке шақырып отырған Елбасымыз бар, жүрегі кең, көңілі пәк қонақжай халқым бар. Өзге елдерге қарағанда, біздің елдің бағы зор. Өйткені еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бірлігіміз мықты. Бұның бәрі Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында.

         Мен өз елімді сүйемін, туған жерімді мақтан етемін. Өйткені, маған оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныма ерекше ыстық, ерекше жақын. Расында да, «Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің» деген сөздермен толыққанды келісемін. Көгілдір аспанымызда бейбітшілік туы жарқырап тұрса, көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен тірлігі болса, әлі талай белестерді бағындыратынымызға кәміл сенемін.

ПМ-40 тобының  білім алушысы Шайдолда Айнұр

                                                                     Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге

                                                                             түскен, бауырында еңбектеп, қаз

                                                                    басқан қасиетті мекені, талай жанның

                                                                    өмір-бақи тұратын  өлкесі. Оны қайда

                                                                        жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп

                                                      өтпейтін жан баласы  болмайды. Туған жерге,

                                                                оның мәдениеті  мен  салт-дәстүрлеріне

                                                              айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы

                                                          патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

                                                                                                            Н.Ә.Назарбаев

            «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.

Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер.

Жетісу өлкесі. Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан сонау Асан Қайғы іздеген жер жәннаты Жетісу. Бұл киелі өңір менің өмірімде маңызды орын алады...

2002 жыл 23 ақпан... ия, осы күні мен Жетісу өңіріндегі құтты мекен – Текелі қаласында дүниеге келдім.

Текелі қаласы Жоңғар Алатауының бөктерінде, Қаратал өзенінің жоғарғы ағысында, Кора (Қараой), Чажа және Текелі өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Бұл қаланың іргесі Жоңғар тауларының бөктерінде, полиметалл ірі кен орнының табылған жерінде 1930-жылдарда қаланған. Бұл кен орны Ұлы Отан соғысы жылдары әрбір сегізінші оқ үшін қорғасын беріп тұратын. Қаланың атауы кезінде сол өзендердің сай-салаларын мекен еткен жануарлардың атынан шықса керек. Текелі қаласының табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, сарқыраған өзендер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Туған жерімде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Биік тауларымыз қаламыздың осы таулардай биік шыңдарды бағындырып келе жатқанын сипаттаса, табиғаты қаламызға бір рет келген кісіні қайта келуге мәжбүрлейтін іспетті. Бір сөзбен айтқанда Текелі қаласы – жер жәннаты. Біздің табиғаты әсем, көркем жеті өзеннің бастауы болып жатқан Текелі қаласы қонақжай, көп ұлтты қала. Біздің қалада қазақ, орыс, неміс, татар, шешен, т.б. ұлт өкілдері бір шаңырақ астында айрандай ұйып отыр.

Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда.

Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанып та үлгердім. Мен қазіргі таңда Текелі кәсіптік колледжінің «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша 1 курс студентімін. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнымды тапсам деймін.

Текелімді алыстан көргім келген кезде тау басына жүгіріп шығып, о шеті мен бұл шетіне көз жүгіртіп, айналама көз салсам, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамызша: "Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!" – деп көңіл шерімді бір шертіп қоямын.

ПМ-34 тобының 1 курс білім алушысы Баетов Еркебұлан

Отан десем, оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім – құт мекенім, дариям,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Таң атты. Шыр-шыр еткен торғайлардың әсем даусынан оянып кеттім. Көк аспанда жарқырап сәулесін төккен күн күлімдеп, мені жылы құшағына шақырғандай болды. Сыртқа шығып, кең байтақ елімнің лебімен тыныстап, шайдай ашық аспанға ұзақ қарап тұрдым. Тыныштық... О, туған жер! Сен осынша адам ойының ең ұшқыр қиялындай шексіз болармысың! Осы мезетте жүрегімнің түкпірінен бір жылылық сезілді. Жоқ, бұл енді күн құшағының жылуы емес, туған жерге деген махаббат пен зор мақтаныштың жылуы еді. Себебі, мен ешкімнен және ештеңеден қаймықпастан Отанымның сұлу табиғатының құшағына бөленіп, Жер-Анаға еркелей аламын. Міне, қараңызшы, айнала тыныштық... Осы бір тыныштықты бұзар ел арасындағы айқай мен шу да, соғыстың зарлы үні де, адамзаттың қайғылы мұңы да естілмейді. «Аллаға тәубе!» - дедім. Осындай бейбіт Қазақстанға қоныс аударғаныма өте қуаныштымын және де осындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан ұрпақ шын мәнінде бақытты деп ойлаймын.

Туған жер дегенде ең алдымен есіме өзімнің туып-өскен жерім – Қытай Халық Республикасы түседі. Мен өз Отаныма 2006 жылдың қыркүйек айында көшіп келдім. Басында, менде әрине, қобалжу көп болды. Жаңа орта, жаңа достар, бәрі-бәрі мен үшін қызық болды. Мен сол кезден бастап өзімнің өз Отанымда екенімді сезіне бастадым. Қазақстанның әрбір жері, көлі, өзені, тауы мен тасы, тіпті қара топырағына дейін мен үшін маңызы зор екенін ұғындым. Қазіргі кезде де маған Отанымның қаншалықты қымбат екендігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қанша ғасырдан бері ата-бабаларымыз аңсаған егемендікті алғаннан кейін Қазақстанның мәртебесі біршама көтерілді. Менің ата-қонысыма келгеніме он жылдан астам уақыт болыпты. Сол он жылдың ішінде біршама өзгерістерді көріп келемін. Елімнің атын күллі әлемге танытқан көптеген аға-әпкелерімді көрдім. Мен де солардың бірі болып елімді күллі әлемге танытқым келеді. Бірақ мен үшін өз елімде тұрғанымның өзі мақтаныш.

Мен қазіргі таңда табиғаты ерекше Жетісу өңіріндегі Текелі қаласында тұрып жатырмын. Әрине, бірден Жетісуға қоныс аударған жоқпыз, алдымен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Толқын ауылына көшіп келдік. Берекесі мен бірлігі жарасқан шағын ғана ауыл болатын. Осы ауылда алты жылдай тұрыппыз. Бірде біз Жетісу ауылына қонаққа келдік. Жетісу ауылының табиғаты мені ерекше таң қалдырды. Сол кезде мен алты жыл бойы алақандай ауылда өзімді қамап келгендей, өз елімнің көрікті жерлерін көре алмағандай күй кештім. Алайда еш өкінбеймін. Кейін Текелі қаласына қоныс аудардық. Арманыма жеткендей күйде болдым.

Ес білгелі бері туған жердің қадірін енді біліп келе жатқандаймын. Жат жерде жүргенде туған жердің орны ерекше білініп тұрады. Қазіргі кезде туған жердің қадірін түсінбей шет ел асқандар қаншама. Менің ойымша, дүние есігін ашқаннан кейін біздің өмірдегі басты міндетіміз – туған елге, жерге деген сүйіспеншілік таныту, ата-бабамыздың ұлы мұрасын қастерлеу.

Мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі менің тәуелсіз елім бар, ұлан ғайыр жерім бар, басымызды бір жерге тоғыстырып, жүз елуден астам ұлтты бірлікке шақырып отырған Елбасымыз бар, жүрегі кең, көңілі пәк қонақжай халқым бар. Өзге елдерге қарағанда, біздің елдің бағы зор. Өйткені еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бірлігіміз мықты. Бұның бәрі Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында. Елбасымыз таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынуы әрине, бекер емес. Көшбасшымыз  отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтып өткен.«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп Елбасымыз атап өткендей, біз, өскелең ұрпақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» туған жеріміздің көркеюі үшін аянбай тер төгуіміз қажет.

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде, ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады» деп бекер айтпаған. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын.

А-35 тобының 1 курс білім алушысы Талаш Ақерке

ВОРОНЦОВА КРИСТИНА

ЗАРИЦКАЯ ГАЛИНА

АГЗАМОВА АЛИНА

banner 8

© 2013 «Текелі кәсіптік колледжі»

Текелі қ., Сатпаев көшесі, 66 үй

8 (728 35) 4 11 96

info@tekelipk.kz

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala