Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы A A+ A++
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Текелі қаласы, Сатпаев көшесі, 66 үй
Басшының блогы

Құрметті әріптестер!
"Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қашықтықтан оқыту барысында педагог пен білім алушылардың оқу процесіне тән компоненттерді көрсететін және интернет-ресурстар арқылы жүзеге асырылатын өзара қарым-қатынасын қашықтықта орнату мақсатында әзірленген бейне сабақ құру бойынша нұсқаулықты ұсынады.
Егер сіз интернетте орналастыру үшін бейне сабақтар жазсаңыз, сізге оның құрылымы мен мазмұны бойынша келесі ұсыныстарды ұсынамыз:
1. Өзіңіз туралы қысқаша ақпарат беру мақсатында, аты-жөніңізді атаңыз, қайда және қай уақыттан бері осы пәнді оқытатыныңызды  айтып өтіңіз (немесе титрлар қойыңыз).
2. Ақпаратты беру жүйелілігін қамтамасыз ету үшін сөзіңізді алдын ала ойластырыңыз және қате жерін түзетіп дайындық жасаңыз.
3. Сыртқы келбетіңізге және киген киміңізге назар аударыңыз (іскерлік костюм, ұқыпты шаш үлгісі).
4. Бейне сабақтардың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. Себебі сабақ ұзағырақ болған сайын, аудиторияның назарын ұстау қиын болады.
5. Түсіру барысында камераға тікелей қарау керек.
6. Камераның алдында мәтінді қағаздан оқу қажет емес.
7. Еркін, шынайы, эмоционалды сөйлеуге тырысыңыз.
8. Материалды меңгерудің маңыздылығына назар аударту үшін, аудиторияға жиі-жиі  жүгініңіз.
9. Жарықтандыру: бейне көріністер экранда айқын көріну үшін, бейнеге түсірлетін нысанды  жарық көзіне қарсы  орналастырыңыз (мысалы, терезеге). Бейне камераны (бейнеге түсіру құрылғысын) өте ашық аяға (фонға) немесе өте жарық терезеге қарама-қарсы бағыттап түсірілім  жүргізбеңіз.
10. Мәтінде күрделі, қиын сөздерді, аббревиатураларды, сандарды пайдаланбаңыз. Оларды ауыстыруға немесе  басқаша, мағыналас сөзбен айтуға тырысыңыз. Егер сөздің  дұрыс айтылуын білмесеңіз, онда ол сөзді алып тастаңыз.
11. Бейне кадрдың сыртындағы артық шудың болмауын қамтамасыз етіңіз (балалардың шулаған даусы, тұрмыстық техниканың даустары, көшеден естілетін шу, жануарлардың дауыстары  және т.б.).
12. Бейнеде тербеліс, діріл болмауы үшін камераны мықтап бекітіңіз.
13. Артық қимыл жасамаңыз! Өзіңізге сөйлеуге ыңғайлы және өзіңізді қолайлы сезінетін позицияны таңдаңыз.
14. Өзіңізге  сенімді болыңыз. Сіз өзіңізге сенімді болсаңыз бәрі сәтті болады!

Бейне сабақ (бейне нұсқаулық немесе скринкаст) - бұл ақпараттарды компьютер экранынан жазу, әдетте экранда болып жатқан жағдайға түсініктеме беру мақсатында кадр сыртынан дауыспен сүйемелденеді. Бейне сабақтар белгілі бір ақпаратты оқыту және жеткізу тәсілдерінің бірі ретінде пайдаланылады.
Бейне сабақ құрылымы (ұзақтығы - 30 мин. дейін)

Экранда: колледж атауы, пән/модуль атауы, сабақ тақырыбы.
Бейне сабақ бірнеше кезеңнен тұрады:
1) сабақтың мақсатын, міндеттерін және күтілетін нәтижелерді  анықтау  (оқытушының дыбыстық  түсініктемесімен сүйемелденген сабақ мақсатын, міндеттерін және күтілетін нәтижелерін үлкен қаріппен экранда көрсету (көрсетілім ұзақтығы 3 мин));
2) оқытушының  жаңа оқу материалын түсіндіруі немесе алдыңғы сабақтарда өткен материалды бекіту (оқытушының дыбыстық түсініктемесімен сүйемелденген бейне көрініс көрсету, титрда оқытушының Т. А. Ә. жазылады);
3) алынған білімді бекіту үшін  тапсырмалар, жаттығулар(активити)  қою (экранда 2-3 тапсырманы ірі қаріппен көрсету (көрсетілім ұзақтығы 10 мин));
4) жаңа тақырыпты бекіту үшін оқытушының дыбыстық түсініктемесімен сүйемелденген рефлексия  немесе  сұрақтар қою (экранда 3-5 сұрақты ірі қаріппен көресту (көрсетілім ұзақтығы 8 минут));
5) тақырып бойынша қосымша сандық ресурстар беру (қолданылуы бойынша оқытушының дыбыстық нұсқаулығы бар 1-2  сандық білім беру  ресурстарын ірі қаріппен экранда көрсету  (көрсетілім ұзақтығы 3 минут));
6) білім алушылардың өз бетінше оқуы үшін ұсынылатын қосымша ресурстарға сілтемелер (көрсетілім ұзақтығы 1 минут).
7) білім алушылардың оқытушымен кері байланысы барлық мүмкін және қол жетімді байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: WhatsApp, telegram, Skipe, Instagram, e-mail және т.б. мессенджерлері (бейне титрларында оқытушының пошта жәшігінің, байланыс телефоны мен электрондық мекен-жайын көрсету қажет).

Қашықтықтан оқыту үшін келесі технологияларды пайдалану ұсынылады:
1. Streaming, платформалар: Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және ZOOM, Skype, Moody, Opiq.kz осы платформаларды пайдалана отырып, пәндер/модульдер бойынша бейнесабақтар трансляциясын ұйымдастыруға болады.
2. Бұлтты қызметтер: GoogleDrive, YandexDisk, Mail.ru Disk, Dropbox және т. б.
3. "Talap" КЕАҚ сайтында www.kasipkor.kz қазақ/орыс тілдерінде әзірленген бейне сабақтар орналастырылады.

banner 8

© 2013 «Текелі кәсіптік колледжі»

Текелі қ., Сатпаев көшесі, 66 үй

8 (728 35) 4 11 96

info@tekelipk.kz

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala