Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы A A+ A++
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Текелі қаласы, Сатпаев көшесі, 66 үй
Басшының блогы

1. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы игерілетін тақырыптар тізімін анықтаңыз.
2. Пән бойынша оқу қызметін ұйымдастыруды жоспарлау, коммуникацияны қамтамасыз ету мәселесін алдын-ала ойластырыңыз (интернетке кіру, электрондық пошта, мессенджерлерде сөйлесу, скайп, Zoom қосымшасы, кері байланысты ұйымдастыру тәсілдері және т. б.)
3. Қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктерін  ескере отырып, әр тақырыпты оқу жоспарын құрыңыз және тақырып бойынша ұтымды материалды  таңдаңыз.
4. Студенттерге нақты бағалау өлшемшарттарын ( өзіндік бағалау үшін) беріңіз.
5. Онлайн-сабаққа дайындық кезінде онлайн-ресурстарды пайдаланыңыз.
6. Студенттер үшін қол жетімді ресурстар мен тапсырмалардың, тапсырмаларды орындау формасының, мазмұны мен әдістемесі бойынша әр түрлі болуын қадағалаңыз  (студенттердің күрделілігі бойынша сараланған тапсырмаларды, топ студенттерінің өзара әрекеттесуі үшін шығармашылық және ұжымдық жұмыстар түрінде тапсырмаларды орындауын қарастыру қажет).
7. Қашықтан оқыту үрдісін  ұйымдастыру кезінде білім алушыларға арналған компьютерді үздіксіз пайдалану ұзақтығына қатысты СанПИН талаптарын ескеру қажет (7-11 сыныптар үшін 35 минуттан артық емес).
8. Бағаларды электрондық журналға уақытылы қойыңыз. Чатта баға қойған кезде міндетті түрде баға түсініктемесін қалдыру керек ("Жарайсың!", "Тапсырмаларды ұқыпты орындауға тырыс!", "Керемет!", "Мұқият  бол! "және т. б.)
9. Білім алушылармен   онлайн-кері байланысқа түсіп, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізудің жолдарын қарастырыңыз.
10. Студенттердің тапсырмаларды орындау мониторингін жүргізіп отыруды ұмытпаңыз.
12. Үй тапсырмасын орындамайтын студенттер анықталған жағдайда, топ жетекшісі мен өндірістік оқыту шеберін хабардар ету қажет.
13. Есіңізде болсын! Студенттердің алған білімдерінің сапасы бірінші кезекте, сіз дұрыс ұйымдастырған қашықтан оқытудың сапасына тікелей байланысты!

banner 8

© 2013 «Текелі кәсіптік колледжі»

Текелі қ., Сатпаев көшесі, 66 үй

8 (728 35) 4 11 96

info@tekelipk.kz

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala